Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 574 км қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысының аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық қуаты 8,7. Магнитудасы MPV 4.2. Зілзала ошағының координаттары 47.83° с.е. 80.17°ш.б. Тереңдігі 10 км.
09:41, 16 Қазан 2017
Шығыс Қазақстан облысында 4,2 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қазан күні 07 сағат 51 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.