22 ақпаннан бастап 26 наурыз аралығында ел аумағында 585 тұрғын үйді су басқан болатын. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында 230 үй су астында қалып отыр. Министр орынбасары Юрий Ильин бастаған жедел топ бүгін Шығыс Қазақстан облысына аттанады», - деді ол.
Комитет өкілінің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысына Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқару күштері, Алматы қаласында орналасқан Республикалық жедел құтқару жасағы жіберілген.
«Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысынан ұшақпен Шығыс Қазақстан облысына лай суларды сорып алу үшін мотопомпалар жеткізілді. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Сәбит Битаев.