АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 13 қазанда 15 сағат 55 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 602 шақырым жерде, Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.6. MPV тербелісі - 3.8. Тереңдігі - 5 шақырым.
Жерасты дүмпуі Үржар елді мекенінен 55 шақырым жерде тіркелді.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.