Жерасты дүмпуінің күші 4,1 балл болған. ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының дерегі бойынша, зілзала ошағы Күршім ауданында орналасқан. Тереңдігі - 10 км.
Еске салайық, ШҚО-да 15 сәуір күні де жер сілкінген болатын. Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 786 шақырым жерде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасты. Энергетикалық санаты 8.9. Магнитудасы MPV 4.1. Тереңдігі 10 шақырым.