Облыстағы көші-қон, қылмыс және жергілікті полиция қызметтерінен жасақталған 50 жылжымалы топ құрылыс алаңдарын, базарларды, оқу орындарын, жалпы тамақтану орындарын тексерді.
«1130 әкімшілік хаттаматолтырылды, соның ішінде 477 заңсыз мигрант алыс шетелдерден келген. Еліміздің миграциялық заңдылығын бұзғандарды қабылдағаны үшін 100 тұлға, ал 9 жұмыс беруші заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды», - деп мәлімдеді ШҚО ІІД-дегілер.
Бұдан тыс, 11 көші-қон заңдылығын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Шетелдікті Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу бойынша 106 сот актісі қабылданып, 430 шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылған.