ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі үш тасжолда қар көшкіні түсуі ықтимал.
«Облыстық маңызы бар «Өскемен-Алтай», «Өскемен-Таулы Үлбі-Алтай альпісі» және «Тайынты-Самар» тасжолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің алдын алу үшін тауда 2 рет жарылыс жасалғаны хабарланған еді.