«Мырзахметов деген ағамыздан сұрақ түсті. Ол кісіге екі сөзбен жауап айтқым келіп тұр. Бірінші сөз ол Қайрат Рысқұлбековтыкі. «Қайрат деген атым бар, қазақ деген затым бар, еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар!». Екінші Расул Гамзатовтың сөзі бар «Егер менің тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген. Бұл жерде мен сізге көмекші боламын аға. Бірге жұмыс істейік», - деді Нұрлан Сауранбаев.
16:40, 07 Ақпан 2018
Шымкент әкімі тілге қатысты сұраққа өлеңмен жауап берді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы әкімінің бүгінгі есептік жиынында тұрғындардың бірі оған мемлекеттік тілге қатысты сұрақ қойды. Сын айтқан ақсақалға қала басшысы өлеңдетіп жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.