« Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы М. Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада .
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева деп көрсетілген аудио жазба тараған еді. Онда әйел адамның қызметкеріне зекіп сөйлеп, былапыт сөздер айтқанын естуге болады.Кейін, 6 сәуір күні, Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болды. Осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.