Еске сала кетсек, 2017 жылы 20 қазанда Шымкентте қоқыс полигонынан нәрестенің мәйіті табылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Аталған оқиға негізінде ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша СДТБТ-не қылмыстық тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдікті әйелді іздестіру мақсатында Абай полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылуда.
Шымкент қаласының полицейлері азаматтардан қатігез анасын табуға көмектесіп, осы жөнінде қандай да бір ақпарат біліп жатса, «102» телефонына хабарласуды сұрайды.