Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Оқиға Сайрам тұрғын алабында болған.

Ата-анасы электрлі еттартқышта жұмыс істеген кезде баласы қасында отырған. Содан ойнап жүрген бүлдіршін қолын еттартқышқа салып жіберген.

Құтқарушылар баланың қолын еттарқыштан шығарып алу үшін дәрігерлермен бірге жұмыс істеді.

Дәрігерлер баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.

«Сол сәтте төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен еттартқыштың корпусын мұқият кесіп, баланың қолын босатты. Қазіргі таңда бүлдіршін №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр» делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.