Шымкентте 4-қабаттан құлаған бала тірі қалғаны анықталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлаған бала тірі қалғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы Абай ауданы Гагарин көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан құлаған бала жедел түрде ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ауруханада балаға шұғыл ота жасалып, қазіргі таңда палатаға шығарылды. ТЖ мамандары ата-анасымен байланыста болып, баланың жағдайы бір қалыпта екендігін мәлімдейді « делінген хабарламада .

Айта кетейік, бұған дейін тараған шұғыл хабар жаңсақ болып шықты. Яғни, биіктен құлаған бала ауруханада көз жұмды деген мәлімет шындыққа сай еместігі анықталды.