«Шымкент тұрғыны «InDriver» қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беру сылтауымен жүргізушілердің жеке куәлігін, тексеру үшін фотосуреттерін, сондай-ақ банк шотының деректемелерін алдап алған. Содан кейін жәбірленушілердің атынан микрокредиттік ұйымда несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта оның осындай 9 фактіге қатысы бары дәлелденді. Облыс полицейлері тағы бір алаяқты ұстады. Ол өзін спутниктік теледидар хабарларын тарату компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың дербес деректерін алып, микрокредит ұйымында қарыз рәсімдеген. Оның осындай 30-дан астам фактіге қатысы бар болып шықты», - деп қылмыстардың мән-жайын баяндады Шұғыла Тұрлыбек.
Министрлік дерегінше, мұндай бағыттағы қылмыстардың алдын алу үшін биометрия және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы онлайн-кредиттерді рәсімдеу талаптары күшейтілген.
Сондай-ақ, интернет алаяқтық қоңырау шалатын нөмірлерді анықтау және бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.