Айта кетейік, әжетхана ішінде баласын жерге жатқызып қойып жылатқан әйелдің видеосы Инстаграм әлеуметтік желісінде таралды. Онда киініп тұрған әйел қасындағы адамдарға ауыр сөздер айтып, дөрекілік танытқан. Бұл көріністі желіге жариялаған қолданушы: «Бүгін Шымкентте жұмыспен қамту бөлімінің əжетханасында болған. Баласын ұрып, теуіп жатқан əйелдің балаға араша түскен адамдарға айтқан сөзі...», деп жазба қалдырған.
Оқиғаға байланысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Полиция қызметкерлері тексеру жұрмыстарын жүргізуде. Әзірге, оқиғаның кеше Жұмыспен қамту орталығында болғаны анықталып отыр. Әйелдің тұлғасы анықталуда. Қосымша ақпарат тергеуден соң беріледі», - деді Әсел Сәденова.