Қанды оқиға Шымкенттің маңындағы Тоғыс ауылында болған. Екі таныс жаңа жылдың құрметіне спиртті ішімдік ішкен. Соңынан жанжал туындап, бірі екіншісінің денесіне бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр дене жарақатын алған жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Күдікті азамат 3 тәуліктің ішінде қолға түсті. Қазіргі таңда қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр»,-дейді С.Қаракөзова. Полицейлер марқұмның аты-жөні мен тұрғылықты мекен-жайын тапты. Ол 1972 жылы туылған, соңғы уақытта Шымкент қаласында тұрғаны анықталды.
Алмас Сұлтан