Айта кетейік, әлеуметтік желіде қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар азаматшаны автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткендігі туралы бейнежазба тараған болатын. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы сол маңдағы бейнебақылау камералардың біріне осы оқиға түсіп қалғанын анықтап, бейнежазбаны тексерген. Сондай-ақ, жақын маңда тұратын тұрғындарынан сұрап, аталған бейне жазбаны түсіріп алған азаматшадан жа жауап алған.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігінің 1- тармағымен (бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейіңгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысты барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде» делінген хабарламада.