Шымкентте букмекерлік кеңсені тонау бойынша қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте букмекерлік кеңсені тонау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді  ұстау бойынша барлық қажетті іс-шараларды жасап, келтірілген шығын көлемін анықтау жұмыстары жүргізуде. Аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 191 бабы «Тонау» бойынша іс қозғалып, Әл-Фараби ПБ-нің СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, кеше түнде шамамен 22:15 шамасында  қаладағы букмекерлік кеңселердің бірін тонап кеткен болатын. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобының анықтағанындай, мекемеге белгісіз тұлғалар баса-көктей кіріп, анықталмаған қарумен кассадан ақша алып кеткен. Артынша белгісіз бағытқа бой тасалаған.