Алайда ол жеке шаруаларымен Алматы қаласына баратынын туыстарына ескертпепті. Сөйтіп көлігін қаладағы көшелердің біріне тастап, өзі жолмен шығып кеткені анықталды.
Еске салайық, 5-ші маусым күні Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны келіп арызданып, оның 1982 жылы туған ағасы көлігімен бірге жоғалып кеткенін көрсеткен. Оны жедел іздестіру шараларына полиция бөлімінің толық құрамы жұмылдырылып, алдымен көлігін тауып алады. Екі күн өткен соң Халдаровтың өзі табылған.