Шымкентте полицейге пара бермек болған тұрғын ұсталды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте полицейге 20 мың теңге пара бермек болған тұрғын ұсталды. Күдікті өзінің танысына тонау қылмысы бойынша іс қозғамауды сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азаматтың танысы Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Бірнеше рет тонау) бойынша сотты болған. Алайда ол арнайы аймақаралық сотымен белгіленген шектеуді түнгі уақытта бұзған. Пара беруші танысы үшін шара қолданбауын сұрап, жергілікті полиция қызметінің қызметкеріне пара ретінде 20 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат ұсынған.

«Полиция қызметкері аталған жайт бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, пара беруші ақшаны ұсынып жатқан кезінде қолға түсті. Қазіргі таңда ұсталған қала тұрғынына қатысты көрінеу заңсыз әрекеттер жасағаны үшін лауазымды тұлғаға пара беру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды»,- делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар