Полицейлердің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең «Гарант» дүкендері аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шарасын өткізген. Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп келіпті. Сондай-ақ ұялы телефондарға экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған. Қазір ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
16:53, 19 Қыркүйек 2017
Шымкентте ұялы телефондарға экстремистік уағыздар жазып сатқан қылмыстық топ ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталығында арнайы жасақ қызметкерлері деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты ұстаған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.