Шымкентте жол жөндеп жүрген КамАЗ жүргізушісі кабинада қысылып қалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте КамАЗ көлігінің кабинасында қысылып қалған жүргізуші құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Оқиға Темірлан тасжолы мен Алматы тасжолының қиылысында болған.
Жерасты жолын салу кезінде «КамАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соғылған.
Соның салдарынан 34 жастағы көлік жүргізушісі кабинада қысылып қалды.
«Авариялық құтқару жұмысына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімінен 11 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болғандықтан жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кетті», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.