«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артқанын көрсетіп отыр.
«Қазіргі уақытта екі мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері темір тұлпарларын қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алуда. Сондай-ақ, сол орталықтарда практикалық емтихан тапсыра алады. Қажет болған жағдайда медициналық тексеруден өтіп, күн сайын мұнда 200 жүргізуші куәлігі берілуде. 600 ден астам көлік құралы есепке алынады»,-дейдіДанабек Исабеков.
Айта кетейік, жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО арқылы 227 мыңға тарта автокөлік тіркелген.