Шымкенттегі университетті тексеруден кейін үш іс қозғалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспардан тыс тексеруінен кейін Шымкенттегі университетте үш іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 5-15тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтықәлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.Аталған оқу орнында жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың 63-ісақталмағандығы анықталып отыр», делінген хабарламада.

Тексеру барысындабірқатар бұзушылық анықталған.

«Атап айтсақ жоғарыжәне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандартыныңталаптары бұзылған; жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелерініңталаптары сақталмаған; жоғары оқу орындарының білім беру қызметін лицензиялаукезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактілері анықталған. Сондай-ақ,оқуға қабылдау тәртібін, білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдаутәртібін, академиялық демалыс беру тәртібін сақтамау фактілері әшкереленіп отыр»,делінген хабарламада.

Сабаққа қатыспағанбірқатар студенттердің сынақ-емтихан сессиясына қатысу фактілері белгіліболған.

«Бұл ретте, аталғанстуденттер университетке ақша төлей отырып, сессияға жіберілген. Ведомостьқағаздарында студенттің бағасы көрсетілмеген, алайда оқытушының қолы қойылғанбос бағандар бар.

Тіпті басқааймақтарда тұрып жатқан және басқа ұйымдардың қызметкерлері болып табылатынадамдардың университеттің штаттық қызметкерлері болып қызмет етіп жүруфактілері анықталып отыр», делінген хабарламада.

Сонымен қатар,Білім және ғылым министрлігіне университет түлектерін жұмысқа орналастырудеңгейі туралы жалған мәліметтер беріліп отырған. Мысалы, 2018 жылы жұмысқаорналасу деңгейі нақты 34,4 пайызды құрағанымен, университет тарапынан келгенресми есептерде 71,3 пайыз болып көрсетілген.

Білім берусаласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша министрлік университетке қатысты 3әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады: жоғары оқу орындары қызметініңүлгілік ережелерін бұзғаны үшін, мемлекеттік білім беру стандартын сақтамағаныүшін және лицензиялық талаптарға сәйкес келмегені үшін. Бүгінгі таңда білімберу саласындағы Заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Ендігі кезекте әкімшілікөндіріс материалдары осы жылдың 23 тамызында қаралатын болады. ӘҚБтК-нің осыбаптарының санкциялары әкімшілік айыппұл салуды, сондай-ақ лицензияныңқолданылуын 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатуды көздейді.

Министрлік қабылданғаншаралар туралы қосымша хабарлайтын болады.