Шымкенттік жүргізушілерге 9 айда 1,5 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік жүргізушілер 9 айда 83 мыңнан аса жол ережесін бұзған. Ережені ескермегендерге 1,5 миллиард теңге әкімшілік айыппұл салыныпты. Сөйтіп 600 миллион теңге облыс бюджетіне өндірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Процессингтік орталықтың автоматты режімде жұмыс істейтін арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары жүргізушілердің ереже бұзуын түсіріп алады. Қазіргі таңда қалада 21 «Редспид» жылдамдық өлшеуіш құралы, 21 «Интегра» зияткерлік көше қиылысы және 6 жол қозғалысын бақылайтын 6-дана «Крис П» жүйесі іске қосылған. Күні бүгінге дейін салынған айыппұлдың 40 пайызы өндіріліп үлгерген.