Шыңғыс Әрінов Қазақстан Президентінің Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, осы лауазымды атқарған Сәкен Исабеков ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылып, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған болатын.