Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлері қасқыр соққан жігіт ауданның 37 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған адам қасқыр малына шапқанын, содан кейін қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен соғып алғанын түсіндірді.
Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.