ШЫҰ елдері есірткімен күреске бағытталған «Өрмек» операциясын өткізді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шілдеде Шанхай Ыынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында жүйкеге әсер ететін заттарды, синтетикалық және басқа да есірткілерді жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» операциясын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөзмәліметтеріне қарағанда, операцияғаҮндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан,сондай-ақ Ауғанстаннан, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының бақылаушыларықатысты.

ҚазақстанІІМ басшылығы Алматы қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткімен күресведомстволарының өкілдері қатарынан Халықаралық үйлестіру штабының жұмысыұйымдастырды.

ШЫҰ-ғамүше мемлекеттердің аумағында операцияға құқық қорғау органдарының 76,5 мыңқызметкері жұмылдырылды, олар 1140 есірткі қылмысын анықтады.

6,8тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 2,5 тонна апиын, 1,3тоннадан астам героин, 1,8 кг кокаин, тоннадан жоғары мархуана, 837 кг. гашиш сондай-ақ84 кг синтетикалық есірткі және 41 кг психотроптық заттар алынды.

ШЫҰ көлеміндеесірткімен байланысты заңды бұзған екімыңнан астам адам ұсталды. 70 мың АҚШ доллары көлемінде мүлік пен қаражат тәркіленді.

Қазақстантарапынан 100 кг астам есірткі, оның ішінде 2 кг героин, 98 кг марихуана, 1 кггашиш тәркіленді. 252 есірткі қылмысы анықталды, 10 қатысушы құрамындаұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіжойылды. 1 млн. теңгеден астам сомаға есірткі кірістерін заңдастыруға әрекетжасаудың жолы кесілді.

Халықаралықүйлестіру штабының қатысушылары ІІМ Кинологиялық орталығының жұмысымен танысты,сондай-ақ Алматы облысының Іле ауданындағы өндірістік мақсатта техникалықсораны қайта өңдейтін «Қазхэмп» ЖШС-де болды.

ШЫҰ Басхатшысының орынбасары Н. Аққошкаров С. «Өрмек» операциясының практикалықіс-шара ретінде маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан ІІМ-нің іс-шараны ұйымдастырудағы рөлін ерекше атап өтіп,Ішкі істер министрі мен жеке құрамына операция жүргізу идеясы және оның сапалыіске асырылғаны үшін алғыс атты. Сондай-ақ «Өрмек» операциясына жыл сайынғы мәртебе беруқажеттілігі туралы пікірін білдірді.


Соңғы жаңалықтар