АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімін қазақстандық екі телеарна тікелей эфирде көрсетеді.
JIbek Joly және Silk Way телеарналарында тікелей эфир сағат 10.00-де басталады. Сондай-ақ трансляцияны Kazinform сайтынан да көруге болады.
Бұған дейін хабарланғанындай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды.
Әуежайдағы қарсы алу салтанатында бірнеше қазақ баласы қытай тілінде ән шырқап, жылы лебізін жеткізді. ҚХР төрағасы балаларға ризашылығын білдіріп, болашақта Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алуға шақырды.
Сондай-ақ Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Бір-біріне басты сауда-экономикалық серіктеске айналған қос мемлекеттің басшыларының кездесуінде қандай мән бар? Kazinform тілшісінің сараптамасын оқи отырыңыз.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.