— Жаңа ведомство «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды. Осыған байланысты комитетте бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейді, — делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, 30 маусымда Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына өткізуі туралы Жарлығы шықты.