Бұған дейін шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алғаны хабарланған болатын. Зардап шеккендердің арасында екі полиция қызметкері бар. Жараланғандар қаланың бірнеше ауруханасына жеткізілген, кейбірінің жағдайы ауыр күйде қалып отыр.
Еске салсақ, бүгін Аустралияның Сидней қаласындағы Bondi Beach жағажайында террористік шабуыл жасалды. Оқиға еврейлердің Ханука мерекесінің басталуына арналған іс-шара кезінде болған.
Аталған террористік шабуылды Германия, Еуроодақ және Түркия қатаң айыптағаны хабарланды.