Оның айтуынша, жобаны Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені мен China Media Group бірлесіп ұйымдастыруы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және ақпараттық байланыстың маңызын көрсетеді.
— Silk Way Star — әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты өнерпаздарды біріктіретін, халықтар арасындағы достықты, мәдени байланыс пен өзара түсіністікті нығайтатын ерекше халықаралық жоба. Бұл жобаның Қазақстан мен Қытайдың бірлескен бастамасы ретінде жүзеге асырылып жатқаны мәдени ынтымақтастықтың жарқын көрінісі деп білемін. Осы жобаға қатысу мен үшін үлкен жауапкершілік әрі Қазақстанның мәдениеті мен өнерін халықаралық сахнада лайықты таныстыруға берілген мүмкіндік деп білемін, — деп жазды Рухия әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетелік Роза Рымбаева Қытайда бақ сынайтын Рухия Байдүкеноваға сәттілік тіледі. Еске салсақ Астанада ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытай Медиа корпорациясы (CMG) «Silk Way Star» халықаралық жобасы туралы келісімге қол қойған еді.
Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында «Silk Way Star» халықаралық жобасының гранд-финалы мәресіне жетіп, жобаның жеңімпазы Мишель Джозеф (Моңғолия) болған еді. Тоқаев моңғол әншісінің Silk Way Star конкурсында көрерменнің ықыласына бөленгенін айтты.