Сингапур, Индонезия және Вьетнамда Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Шетелдегі учаскелерде Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Келесі болып Сингапур, Индонезия және Вьетнамда жүрген Қазақстан азаматтары дауыс беруді бастады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР СІМ

Аталған елдердегі сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері аумағында ашылды.

Фото: ҚР СІМ

Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Жапонияда Құрылтай сайлауына арналған учаскелер ашылды.

Одар әрі сайлау учаскелер Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Шанхай, Сиань және Гонконгтағы ҚР бас консулдықтарында ашылып, қазақстандықтар дауыс беруді бастап кетті.