Муай-тай, аралас жекпе-жек, бокс және кунг-фу шеберлері Katena жүйесі мен дене датчиктерінің көмегімен қытайлық Unitree G1 және EngineAI T800 роботтарын өз қолындай қозғалтып, қашықтан басқарды.
Жүйе басқарушының қимылын сезіп, оны кідіріссіз роботқа жеткізіп отырды. Осылайша адам басқаратын аватарлар тұжырымдамасы алғаш рет көпшілік алдында таныстырылды. Ал сайыс басталмай тұрып, роботтар би жарысына түсіп, кунг-фу өнерін көрсетті.
Жекпе-жек кезінде телеметрия жүйесі әр роботтың «денсаулық» деңгейін сол сәтте басты экранға шығарып отырды. Экранда роботты басқарып отырған адамның бейнесі мен оның робот-аватары қатар көрсетілді.
— Бұл жолғы шараны әзірге нағыз спорттық бәсеке емес, жаңа технологиялық идеяның таныстырылымы деп қабылдаған жөн. Гуманоид роботтар дәуірі адамды машина алмастыратын кезең емес, адам мен машинаның бірлесе әрекет ететін уақыты болуы мүмкін, — деді жекпе-жекті ұйымдастырушы Антонио Гаи.
Ұйымдастырушылар мұндай халықаралық шараларды алдағы уақытта басқа елдерде де өткізуді көздеп отыр. Бұған дейін Unitree G1 роботтары Нью-Йорк пен Чикагода өткен көрсетілімдерге қатысқан.
Бұған дейін Бейжіңде гуманоидты робот жартылай марафонда адамнан жылдам жүгіргені хабарланған болатын.