Сингапурда өздігінен басқарылатын автобустар пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурде өздігінен басқарылатын автобустар пайда болады. Жоба роботтандырылған көлік құралдары арқылы қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайтуға бағытталған.

Бұл туралы Gazeta.ua Gizmag агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бастама атауы 2getthere Asia. Оның аясында электрлік қозғалтқыштары бар өзін-өзі басқаратын автобустар салынып жатыр. Мұндай көліктің әр салоны 24-ке жуық адамды сыйдырады.

Бір бағытта сағатына 8 мың тұрғынды тасымалдау жоспарлап отыр.