Белсенді солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, кей уақытта елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, кезең ортасында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
Алайда, бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың батыс жартысында және орталығында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды деп күтіледі.
Тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы 25 35°С-тан 34 39°С-қа дейін, Атырау облысының оңтүстігінде 41°С-қа дейін; Маңғыстау облысында 35 40°С-тан 39 44°С-қа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы төмендейді:
- республиканың солтүстігінде және Қостанай облысында 25 35°С-тан 20 28°С-қа дейін, онкүндіктің соңында қайтадан 30 38°С-қа дейін ыстық болжанады;
- оңтүстікте 39 44°С-тан 29 36°С-қа дейін төмендейді.
Елдің орталығы мен шығысында 33 41°С қатты ыстықтан 22 31°С-қа дейін ауысып отырады деп күтіледі;
- елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы 34 39°С, Жамбыл облысында 42°С-тан 27 35°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3 8°С-тан 10 18°С-қа дейін, күндіз 17 25°С-тан 25 35°С-қа дейін ауытқиды деп күтіледі.
Батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде 17 27°С-тан 13 18°С-қа дейін, күндіз 32 42°С-тан 25 35°С-қа аралығында ауытқиды.
Айта кетелік алдағы үш тәулікте 40 градусқа дейін ыстық сақталады.