Синтетикалық есірткі бизнесімен күреске арналған бөлімшелер құрылады - ІІМ

Фото: Kazinform

Қазақстанда синтетикалық есірткі бизнесімен күреске арналған бөлімшелер құрылмақ. Бұл туралы Мәжілісте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тақырыбындағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Есірткіге қарсы жұмысты тиімді үйлестіру мақсатында тиісті қадамдар жасалып жатыр. Бұл ретте профилактикалық және үйлестіру шаралары күшейтіледі. Синтетикалық есірткімен, интернет-қылмыстармен және халықаралық есірткі бизнесімен күресу бөлімшелерін құру есебінен Ішкі істер министрлігінің салалық қызметін кеңейту туралы мәселе шешіліп жатыр», - деді Е. Саденов.

Бұл ретте министр тиісті ұсыныстар Үкіметпен келісілгенін және өкілетті органдардың қарауына енгізілгенін айтты.

Айта кетейік, егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ кінәлі адам тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта болса, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылмақ

Қазақстанда шамамен 700-ге жуық есірткі түрі анықталған