«Есірткіге қарсы жұмысты тиімді үйлестіру мақсатында тиісті қадамдар жасалып жатыр. Бұл ретте профилактикалық және үйлестіру шаралары күшейтіледі. Синтетикалық есірткімен, интернет-қылмыстармен және халықаралық есірткі бизнесімен күресу бөлімшелерін құру есебінен Ішкі істер министрлігінің салалық қызметін кеңейту туралы мәселе шешіліп жатыр», - деді Е. Саденов.
Бұл ретте министр тиісті ұсыныстар Үкіметпен келісілгенін және өкілетті органдардың қарауына енгізілгенін айтты.
Айта кетейік, егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ кінәлі адам тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта болса, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылмақ.
Қазақстанда шамамен 700-ге жуық есірткі түрі анықталған.