15:42, 04 Желтоқсан 2025
Сырдария бассейніндегі ахуал: Үкімет су лимитін қайта қарайды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Вице-премьер Қанат Бозымбаев су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.