Тараптардың SANA агенттігі жариялаған бірлескен мәлімдемесінде Сирияны қолдау және қалпына келтіру жөніндегі START сенімгерлік қоры құрылатыны айтылған.
Қордың негізгі міндеті — елдің экономикалық қалпына келуіне жәрдемдесу, инфрақұрылымды қайта жаңғырту және мемлекеттік институттардың әлеуетін нығайту. Сондай-ақ Сирияға жеңілдетілген қаржыландыру, инвестициялық кепілдіктер мен техникалық көмек көрсету көзделген.
Қорды Дүниежүзілік банк донорлармен және даму жөніндегі серіктестермен бірлесіп басқарады. Қаржыландыру бағыттары Сирия билігі айқындаған басымдықтарға сәйкес белгіленеді. Бұл тетік халықаралық көмекті үйлестіріп, елді қалпына келтіру мен институционалдық реформаларды жеделдетуге арналған.
Сирияның қаржы министрі Мұхаммед Ясир Барние бұл келісімді халықаралық серіктестермен ынтымақтастықтың жаңа кезеңі деп атады.
— Біз адалдық, ашықтық, есептілік және тиісті басқару саласындағы ең жоғары стандарттарды ұстанатынымызды растаймыз, — деді министр.
Айта кетейік, биыл қыркүйекте Сириядағы әскери нысанда қуатты жарылыстар болғаны хабарланған еді.