Сирия Денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған ақпаратына сәйкес, сегіз адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Барлық құрбандар Карам әл-Луз ауруханасына жеткізілді.
Жарылыс жұма намазы кезінде болған.
Сирияның Ішкі істер министрлігі ішкі қауіпсіздік бөлімшелері аймақты тез арада қоршауға алғанын, ал тиісті мекемелер тергеу мен дәлелдер жинауды бастағанын мәлімдеді.
Алдын ала тергеу деректері бойынша, оқиға мешіттің ішіне қойылған жарылғыш құрылғылардан болған. Әзірге ешбір топ шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Соңғы айларда елде үкімет ауысқаннан кейін Хомс және Сирияның басқа аймақтарында сектанттық шиеленістерге байланысты оқиғалар мезгіл-мезгіл орын алып отырды.
Осыған дейін Сирияның қауіпсіздік күштері Дамаскіде ДАИШ лаңкестерінің жетекшісін ұстағаны туралы жадық.