Бұл жөнінде министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында жариялады.
Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі:
- сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды;
- нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды;
- адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды;
- шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.
Сонымен қатар, төтенше жағдайға тап болған жандар ҚР-ның Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе ҚР-ның Жиддадағы Бас консулдығына хабарласуы қажет.
Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:
Эр-Рияд қаласындағы консул: 966 55 663 01 77.
Жидда қаласындағы консул: 966 53 275 80 80.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан хуситтердің Сауд Арабиясындағы шабуылдарын қатаң айыптайтынын жазғанбыз.