Мәліметтер көрсеткендей, дүмпулердің көпшілігінің магнитудасы 3,0-ден төмен болды. Дүйсенбі күні кешке бірі 4,9, екіншісі 5,0 балдық екі күшті жерасты дүмпу округтегі бірнеше ғимараттың қирауына әкелді, деп хабарлады жергілікті билік.
- Тұрғындар бұған дейін шатырлар мен панельді үйлерге көшкендіктен, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деді округ үкіметінің басшысы Джасчи Доньджуб.
Бұған дейін Сицзан автономиялық ауданы (Қытайдың оңтүстік-батысы) Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды.
Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 28,50 градусы мен шығыс бойлықтың 87,45 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 10 км тереңдікте.
Қытайдағы жер сілкінісінен 126 адам қаза тауып, 188 адам жарақат алды.
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады.