СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2010 жылы туған жасөспірім шомылуға тыйым салынған жасанды қазаншұңқырға суға түскен.
— Жасөспірімнің денесін оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері тауып, судан шығарып алды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ақжар ауданындағы Шат өзенінен жергілікті тұрғындар 64 жастағы ер адамның денесін тауып, судан шығарып алғанын жазған едік.
Сондай-ақ 21 маусымда Петропавлдағы Пестрое көлінде ер адам суға тұншығып, көз жұмды.
Ал 24 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда Есіл өзенінде, Мұқыр ауылынан шамамен 5 шақырым жерде суға батқан 16 жасар жасөспірімнің денесі табылды.