Астық ұрлау фактілерінің бірі М.Жұмабаев ауданында тіркелген. Ол жердегі агроқұраманың пысықай жұмысшысы 15 тонна астықты заңсыз сатып жіберген. «Жиырма бес жастағы ер адам басқа жұмысшымен және күзетшімен келіседі. Астықты Булаево қаласының тұрғынына әр тоннасын 20 мың теңгеден өткізбек болады. Сатып алушы түн ортасында жүк көлігімен қоймаға келеді. Таңертең басқарушы 15 тонна астықтың кем екенін байқаған. Залал 360 мың теңгені құрады. Қылмысты әшкерелеуге видеобақылау камераларындағы таспа көмектескен», - деп мәлімдеді СҚО ІІД баспасөз қызметі.
Аталмыш фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.