СҚО-да аудан орталығындағы шырша санаулы минутта жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы бас шырша жанып кетті, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жанып жатқан шыршаның бейнежазбасы тарады.

Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде болған.

Өрт сөндірушілер мұны растады. 

Фото: Instagram

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 18.40-та Қызылжар аудандық өрт сөндіру бөліміне Бескөлдегі орталық алаңға құрылған шыршаның жанып жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына екі арнайы техника және 6 өрт сөндіруші жіберілді. Өрт мамандар келгенше сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, шыршаның жануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.