СҚО-да әйелдің басқаруындағы көліктен 80 келі есірткі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан өңірінің құқыққорғаушылары «Жезқазған-Петропавл» трассасында әйел адамның көлігінен 80 келі есірткі тапты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 шілдедеСолтүстік Қазақстан облысының есірткіге қарсы күрес полициясы«Жезқазған-Петропавл» тас жолында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оның барысындақұқыққорғаушылар азаматша Т.-ның басқаруындағы, салонында жолаушы – азамат Т. отырған«NISSAN» маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексерубарысында, багаж бөлімінде салмағы 80 келіден асатын марихуана салынған 4полиэтилен қап және салмағы 88 грамдық гашиш салынған 4 орама табылып, алынды»,- делінген департаменттің хабарламасында.

Ұсталған азамат Т. танысына (рөлдегі әйелге) СолтүстікҚазақстан облысынан бірнеше сөмкені өз үйіне апаруға көмектесуді сұрағанынайтып отыр.

«Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізумақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелтуне өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматуақытша ұстау абақтысына қамалды», - делінген хабарламада.