СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан өңірде жасөспірімдер қылмысының 9 дерегі тіркелді. 325 адам өз баласына тиісті
түрде тәрбие бермегені үшін жазаланды. Тәртіптері ерекше бақылауды қажет ететін 160 отбасы есепке қойылды. 15 адам ата-ана құқығынан айырылды.
Жалпы, жыл басынан СҚО-ның ювеналдық полицейлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 280-нен астам рейдтік іс-шара өткізді. Балалардың өміріне ата-анадан бөлек жауапты саналатын білім бөлімі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Өйткені балалардың түнгі уақытта көше кезіп, түрлі ойын-сауық орындарына баруы тыйылмай отыр.
Рейдтердің нәтижесінде баласы түнгі уақытта көше кезген 780 ата-ана және жасөспірімдерді кіргізген көңіл көтеру орындарының 7 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.