СҚО-да борышкерлерден 14 млн теңге өндіріп алынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полиция айыппұлдан жалтарған құқық бұзушыларды анықтау бойынша жүргізілген 4 күндік рейдтің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасақана қарыз қайтармайтындарға қатысты ҚР ӘҚБтК «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бойынша 5 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін. Жолда жүру ережесі бойынша айыппұлдарын төлемеген азаматтар ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңына сәйкес, көліктерін тіркеуге қою немесе жүргізуші куәлігін беру секілді мемлекеттік қызмет көрсетілмейтінін есте сақтағаны жөн», - деп атап өтті СҚО ІІД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы Болат Жексембинов.

Төрт күнде полиция 1905 түбіртек бойынша 14 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды. «Жол приставы» автокешен экипажы 347 дана автокөлік құралдарын тексеріп, 179 түбіртек бойынша 1,5 миллион теңге өндіріп алды.