СҚО-да ескі заманның зеңбірегі табылды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қорғанына қойылған зеңбіректің оқпаны дәмхана ғимаратын бұзу кезінде табылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Дәмхана қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мәдениет және демалыс саябағында орналасқан. Бұрын бұл жерде жаппа болатын. Үңгір мен зеңбірек петропавлдық саябақта Қазан төңкерісінен бұрын әкелінген. 2000 жылдардың басында үңгірдің орнына дәмхана тұрғызылып, қалалықтар ескі артефакт құрып бітті деп есептеген. Айта кетерлігі, дәмхананың атауы да осы жайға байланысты «зеңбірегі бар дәмхана» деп аталған еді.

«Зеңбіректің тарихы үшін тақым қысқандарға жақсы жаңалық деп айтсақ та болады. Ол тура орналастырылған жерінен табылды. Артефакттың кейінгі тарихы шынында да қызық. Ескі зеңбіректің оқпаны металлоломға өтіп кетпей, тарихи-аймақтық музейге орналастырылса деп тілейміз», - дейді Fasebook қолданушыларының бірі.

Қаланың бұрынғы тұрғындары бірнеше буынның үңгір мен зеңбіректі құнды жәдігер деп есептегенін айтады. Саябақтың күрделі жөндеу жоспарында үңгір жоқ. Қалалықтар тым болмағанда зеңбірек сақталып қалса деп тілек білдіреді.

Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-аймақтық музейі директорының орынбасары Еркін Шәукенов артефакт бір аптаның ішінде музейдің архивіне тапсырылатынын хабарлады.

«Біздің музейде екі зеңбірек бар. Бұл да сақталатын болады. Өз тарапымыздан қала тұрғындары мен қонақтары үшін экспозицияны қалай ыңғайлы орналастыру жағын ойластырамыз», - дейді Еркін Шәукенов.

Соңғы жаңалықтар