Оқыс оқиға 13 маусым күні болған еді. Естеріңізге салайық, бір отбасының бес адамы кешкі ас кезінде ауылдағы дүкеннен сатып алынған тұшпара мен шұжық жеп, кейін уланып, ауруханаға түскен еді. 3 және 6 жастағы баланы құтқару мүмкін болмады.
«Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптама жүргізіліп, нәтижесінде балалардың өліміне нитриттерден улану себеп болған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - дейді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, нитритті ет өнімдеріне – шұжықтарға қолданады, өнімді ыстаған, маринадтаған және тұздаған кезде пайдаланады.
Бұған дейін 24-шілде мен 31-шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы СҚО-да тұрғындарды қабылдап, медициналық көмек көрсететінін жазған едік.