СҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: Қостанай облысының ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM —  Айыртау ауданы Жақсы-Жаңыстау ауылының маңында, Қарасу өзенінің арнасында, сондай-ақ Имантау ауылының маңында Имантау көлінде жалпы ауданы 900 шаршы метр мұзды жару жұмыстары жүргізілді.

Бұл шаралар су басудың алдын алуға, көктемгі кезеңде судың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етуге және инфрақұрылым мен елді мекендердің зақымдану қаупін төмендетуге бағытталған.

Жұмыс барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, мамандардың бақылауымен жүргізіледі.

Айта кетелік ТЖМ су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстарын жалғастырып жатыр